Куба Елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталды

Куба Елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталды

 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупоны Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

М.Тілеуберді кубалық дипломаттың екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, атап айтқанда денсаулық сақтау, биотехнология, туризм салаларындағы перспективаларын талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірілді.