А. Оралов «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды.

Ол бұған дейін елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Дін және азаматтық қоғам министрлігінің департамент директоры, Қоғамдық даму министрлігі комитетінің төраға орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.