Берлиндегі қазақ қауымдастығы қаңтар оқиғаларын талқылады  

Берлиндегі қазақ қауымдастығы қаңтар оқиғаларын талқылады  

 

Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде Елші Дәурен Кәріповтің Германиядағы қазақ диаспорасының және «Мирас» атты Берлиндегі қазақ қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Кездесу барысында қатысушылардың назарына Қазақстанда болған қаңтардағы оқиғалардың негізгі аспектілері мен хронологиясы жөнінде түсініктеме беріліп, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар аясындағы республикамыздың даму перспективалары талқыланды.

Қазақстандық дипломат инвесторларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары және неміс инвестицияларының Қазақстан экономикасы үшін ерекше маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту және оларға «Отандастар» қорының көмегімен қазақ тілін онлайн форматта тегін оқыту мүмкіндігі талқыланды.

Сенім және өзара қолдау атмосферасында өткен кездесуге қатысушылар кең ауқымды мәселелер бойынша, оның ішінде мәдениет саласында пікір алмасып, осындай кездесулер форматын одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты.