Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-сапар 10-11 ақпанға белгіленген. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.

Жоспар бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 10-ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізбек.

Кездесу барысында қос елдің басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму басымдықтарын талқылайды.

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралайды.