Құқық қорғау органдарында жаңа реформа

Құқық қорғау орган қызметкерлерінің мерзімінен бұрын атақ немесе шен алуына шектеу қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі ереже бойынша жекелеген атақты 6 рет алуға болады. Жаңа заң жобасына сәйкес енді қызметкерлер шенге уақытынан бұрын 2 мәрте ғана ұсынылады. Бұдан бөлек құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру тәртібі де өзгереді. Мәселен, үміткер енді тестілеуден өтуге міндетті емес. Ал тәжірибесі мол мамандар тағылымдамадан өтпейді.