Қазақстан мен Ресей техникалық капиталын жетілдіреді – сарапшы

Сарапшылардың пікірінше, білім беру саласы ынтымақтастық орнатудағы келешегі зор бағыттардың бірі. Қазақстан мен Ресей басшылары қос елдің білім мен ғылым министрліктері арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды.

Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық сараптау орталығы директорының орынбасары Александра Перминованың пікірінше, Қазақстанның Ресей жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен жасасқан келісімдері қос елдің өндірістік және техникалық әлеуетін көтереді. Елімізде 2025 жылға дейін 250-ден аса өндірістік жобаны жүзеге асырып, 46 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарда бар. 

Александра Перминова, ММУ ақпараттық сараптау орталығы директорының орынбасары:

–  Қазақстан келісім жасаған техникалық жоғары оқу орындарының мамандары Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде танымал. Бұл елдеріңіздің осы өндірістік капиталды қалыптастыруға үлкен мән беріп отырғанын көрсетеді. Алдағы жылдары бұл өз жемісін беріп, екі елде де техникалық жұмыс орындары артып, өндірістік және техникалық капиталдың жетілгеніне куә боламыз.