Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевқа нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевқа нақты тапсырма берді

Президент Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.