Қазақстан Путинге қарыз емес – Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасы жайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QAZAQSTAN арнасына сұхбат берді. 

Президент ел арасында Қазақстан Ресейге қарыз болып қалды, сондай-ақ шетелдік БАҚ жазып жатқан Ресей Қазақстанды құтқарды деген мәселеге кеңінен тоқталды.

«Путинге қарыз боп қалдық дегенге келсек, бұл бос әңгіме. Мұны доғару керек. Біріншіден, ҰҚШҰ контингенті Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес. Оған мүше елдердің бәріне ортақ. Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі және оның қалаушысы. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге өте қажет. Оны дұрыс түсінуіміз керек. Ресеймен арамызда шынайы достық пен өзара сенім болу керек. Біз ешкімге қарыз емеспіз. Қазақстан егемен мемлекет.

Ресей Қазақстанды құтқарды ма деген сұраққа Президент: Бұл құтқару емес, бұл ортақ мүддемізді қорғау. ҰҚШҰ – ортақ ұйым. Мүше елдер өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін қол ұшын берді», – деді.