1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
Aqmola News

Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Съездге бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады» делінген жазбада.