ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.