Е.Досаев: Өтінім берген кәсіпкерлердің жартысынан көбі өтемақы алды

Алматыда бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өтінімдерді қарау енді 1 ай емес 2 аптада жүзеге асады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысына мәлімдеді. Әкімнің сөзінше бүгінге дейін тіркелген 1 мың 400-ден аса кәсіпкердің жартысы өтемақы алды. Наурыздың онына қарай өтінімнің 90 проценті орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде қаланы қалпына келтіруді, инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеп, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді азайту үшін баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аударуды тапсырды.