Украинадағы ахуал: Берік Уәли отандық телеарнаға сұхбат береді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр.

Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді.