Қазақстан Украинаға бітімгерлерді жібере алмайды

Қазақстан Украина еліне бітімгерлерді жібере алмайды. Себебі бұл мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі емес.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бірлестіктің ережелеріне сәйкес, мүше елдердің әскерлері тек оның құрамындағы мемлекеттердің аумағына ғана кіруге құқылы.

«Тек Біріккен Ұлттар Ұйымының мандаты берілсе ғана мұндай қадамға бару мүмкін болады», - деді Мәулен Әшімбаев. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Егер өз шешіміміз болса өз мүддемізге сәйкес келсе әскери контингентімізді жіберуге мүмкіндігіміз бар. Бірақ оның бәрі БҰҰ мандатының аясында жүзеге асырылуы керек. Егер БҰҰ осы мәселені талқыдап, Қауіпсіздік Кеңесінде осындай шешімдерге келетін болса осындай ұсыныстарды айтып, оған басқа мемлекеттер қолдау көрсетсе, мандат берілетін болса, онда біздің мемлекет осындай мәселеге өз үлесін қосуға дайын деп ойлаймын.