Берік Уәлидің Украинадағы ахуалға байланысты сұхбаты кейінге шегерілді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына беретін арнайы сұхбаты кейінге шегерілді.

Бұл туралы отандық арна телеграм-парақшасында жазды.

«ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз» делінген арнаның телеграм-парақшасында.