Украинадағы ахуал: Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты мәлімдеде жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Қазіргі танда біздің елшілігіміз толық жұмысын атқарып жатыр. Бүгін таңертеннен бастап елшілікке көптеген азаматтарымыз хабарласып жатыр. Бізде бірнеше жоспар бар. Бір жоспардың мақсаты азаматтарымызды қауіпсіз жерге жинап,эвакуация жасау. Сондықтан бізде жедел желі ашылды. Сыртқы істер министрлігінде жедел желі және елшіліктің телефоны көрсетілген желі бар. Әрине біздің азаматтарымыздан шағым түсіп жатыр «жедел желі істемейді» деп, бірақ телефондар істеп тұр. Сол телефонға хабарласып, өздерінің қай жерде және қанша адам екенін, эвакуацияға дайын ба дайын емес пе. осыларды айтуды сұраймыз. Украинада бізде қолда бар мәліметке сәйкес 1,5 мыңға жуық қазақстандық бар. Бірақ олардың көбісі Украинаға тұрақты тұруға көшіп кетті. Қолдарында қазақстандық паспорт болғандықтан, эвакуацияға өтініш бере алады.