Түрік компанияларымен бірлескен жобаларға Қазақстан тарапынан қолдау бар – Тоқаев

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мевлют Чавушоғлу кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.