Телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы баяндалды

Президент «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқарма төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі жұмыстар баяндады. Әрі, 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті азайту жайы айтып берді. Қуанышбек Есекеев 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында атқарылатын жобаларға тоқталды. Президент компания басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.