loader


Еуразиялық экономикалық одақта ортақ ережеге бағынбау дерегі әлі бар

Одақта ортақ ережені орындамау дерегі әлі де бар. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында сөз сөйлеген Әлихан Смайылов осылай деді.

Үкімет басшысы кәсіпкерлердің жолын кесіп, сауда-саттықтың жандануына кедергі болып отырған факторларды дереу жою керектігін айтты. Әр тарапқа тең мүмкіндік берілсін деді. Өйткені кейбір елдер өз мүдделерін ғана қорғап отырған көрінеді. Олар басқа елдердің тауарларын керек етпейді, нарыққа жолатпайды. Сосын одаққа мүше мемлекеттердің кейбірі порттық қызметке де қол жеткізе алмай отыр. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Сауда-саттық көлемін арттыру үшін кедергісіз орта қалыптастыру керек. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім қабылданбады. Одақтас елдерге кейбір өнім түрлерін жеткізу мүмкін емес. Түрлі кедергілер бар. Одан бөлек одаққа мүше мемлекеттердің барлығы теңіз порттарын пайдалана алуы қажет. Осы тұрғыдан келгенде кейбір елдер бұл мүмкіндікке әлі де қол жеткізе алмай отыр.

Сондай-ақ...