Ертең елшіліктен тағы бір автобус Львов қаласына аттанады

Қазақстанның Украинадағы елшілігінен азаматтарды эвакуациялау үшін тағы бір автобус жолға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 ақпанда таңғы сағат 09.30-да Киев қаласындағы Қазақстан елшілігі ғимаратынан көлік Львов қаласына аттанады. Автобус 50 орынға арналған. Қазақстан елшілігінің мекен-жайы Ю.Ильенко көшесі, 26 ғимарат. Байланыс нөмірлері төменде көрсетілген. Қазақстанның Украинадағы елшілігі әлеуметтік желілер мен мессенджерінде өзекті ақпаратты бақылап отыруды сұрайды.