Елшілік ғимаратындағы жертөледе 40 жерлесіміз отыр – Д.Қалетаев

Украинадағы жерлестерімізді эвакуациялау барысы туралы Дархан Қалетаев баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елшінің айтуынша, ахуал қиын, жағдай алаңдатарлық. Қазіргі уақытта Киевтегі елшілік ғимаратының жертөлесінде 40 қазақстандық отыр. Сонымен қатар Харьков қаласынан 40 студент хабарласқан. Оларға Львовқа қарай пойызбен шығуға кеңес берілген. Барлық студент станцияда отыр. Ал елшілікке эвакуациялауға сағат сайын өтініштер түсіп жатыр. Шекарадағы кептеліс, бірнеше шақырымға созылады.