Қазақстан әскері Украинаға бармайды – Қорғаныс министрлігі

Қазақстан әскері Украинаға аттанады деген ақпар жалған. Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде негізсіз ақпараттың тарағанын және ол шындыққа еш жанаспайтынын хабарлады.

Өйткені Қазақстанның әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Ал әзірге Қазақстан әскерилерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы ешқандай сұрау түспеген және мұндай мәселе қаралып та жатқан жоқ. Әскер дерлік ел ішінде.

Қорғаныс миминистрлігі тек биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлайды.

Одан өзге, аталған кезеңде Алматы облысынан Ақтау гарнизонының әскери бөлімін жасақтауға әскери автомобиль техникасы жіберілген.