Президент Nur Otan партиясының атауын өзгертуді қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысын қолдады.

«Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінде «Аманат» деген атауға тоқтадық. Кең жеріміз – бабалардан жеткен мирас. Ұрпақ сабақтастығы деген осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия осыны ұстанады. Сондықтан партия атауын ресми түрде өзгертуді қолдаймын», – деді Қ.Тоқаев.