Енді аудан әкімін тұрғындар сайлайды

Бүгінге дейін 900-ден аса ауылдың әкімі жергілікті халықтың дауыс беруі арқылы сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп ұзамай аудан басшысын да тұрғындар таңдайтын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені кідіртуге болмайтынын мәлімдеді. Партия съезінде Президент 16 наурызда жаңа реформалар пакетін ұсынатынын жариялады. Сондай-ақ партияға жаңа тұғырмана қажет екеніне тоқталып, оны саяси ұйымның келесі съезіне дейін дайындап, бекітуді тапсырды.