Түркия жұрты Қазақстанға алғыс айтты

Алғыс айту күні Түркияда да аталып өтті. Туыстас ел тұрғындары ата-жұртқа сәлем жолдап, жүрекжарды тілегін арнады.

Ялчын Топчу – Түркия президентінің бас кеңесшісі. Өзін қазақ деп атайды. Себебі Саясаткердің ата- бабалары мен туыстары елімізге 20 ғасырда арнайы қоныс аударылған. Сол кезеңде жүрегі дархан қазақ халқы ас беріп, пана болған. Сондықтан жылда Алғыс күнінде Қазақстанға бас иіп, сол күндерді еске алады.

Ялчын Топчу, Түркия президентінің бас кеңесшісі:

– Атажұртымыз Қазақстанда өмір сүретін барлық халықтарды, әсіресе қазақ халқына алғыс айтатын 1 наурыз мейрамымен құттықтаймын. Қазақстанға қоныс аударған месхет түріктерінің ұрпағы ретінде ата- бабаларыма құшақ ашып, барымен бөліскен қазақ бауырларыма шексіз Ризашылығымды білдіремін. Бірлігі бекем ел болыңыздар.

Түркияның шартарабын араласаңыз, Қазақ елінің шынайы жанашырларын жиі кездестіресіз. Солардың бірі Халит Филиз. Халит университетті Түркістанда тамамдап, қазіргі таңда түріктің алдыңғы қатарлы мекемелерінің бірінде қызмет етіп жүр.

Халит Филиз, Қазақстандағы университет түлегі:

– Өмірімнің ең керемет кезеңі Қазакстанда өтті. Түркияға оралғаннан кейін Қазақ халкына алғысымды жиі білдіріп отырамын. Екі жакты ынтымақтастыққа кішкене да болса үлесімді қоссам – мен үшін үлкен бақыт. Бүгінгі Алғыс айту күнінде Қазақ халқына шексіз рақметімді айтып, бас иемін.

Алғыс айту мейрамы кейін пайда болғанымен, түбі бір түркі жұрты бұл күнді ұмытпай, әлеуметтік парақшаларында қазақ халқына ыстық лебіздерін айтып жатады. Тіпті, жақсыны еске алатын күн деп есептейді.

Меруерт Қанағат