Қ.Тоқаев: Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ ролін арттыру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында БҰҰ-ның қазіргі әлеуеті мен ролі туралы жазды.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен ролін арттыра түсу керек» деп жазды Президент.