Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен бұған дейін Қармақшы ауданы әкімінің қызметін атқарып келген Қайрат Нұртай облыс әкімінің орынбасары болып  тағайындалды.

Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекші маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарған; 2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі; 2014-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметттерін атқарған. 2021 жылдың шілде айынан бастап Қармақшы ауданының әкімі қызметінде болды.