Украина жеріндегі жүк көліктері елге қалай келеді

Қазақстандық жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдова шекарасына бағыттау ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елдің аталған аумағында жағдай тұрақты және өткізу пункттері ашық. Ал егер біздің көліктер Киев пен Киев облысына жақын жерде болса, олардың қоймалар, көпірлер мен басқа да құрылыстардан қашық жерде орналасқаны дұрыс. Бұдан бөлек, Беларусь шекарасы арқылы «жасыл дәліз» ашу мәселесі де пысықталып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Бүгін жедел кеңес өтті. Жалпы осы кезге дейін қазақстандық үш жүк көлігі «Роварусская» өткізу пункті арқылы Украина-Польша шекарасын кесіп өткен. Тағы 8 көлік Украина-Молдова шекарасындағы «Старокозаче-Тудора» пункті арқылы өтеді.