loader

Қазақстан мен Түркия үшін айтулы жыл

Қазақстан мен Түркия үшін айтулы жыл

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 30 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыт аралығында қазақ-түрік байланысы барлық салада дамып, стратегиялық әріптeстік деңгейіне дейін көтерілді. Атаулы күнге орай, Анкарадағы Қазақстан елшілігінде қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен жергілікті журналистердің қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Басқосуда екі ел арасындағы байланыстың бүгінгі деңгейі мен Жаңа Қазақстанның бағыттары талқыланды. Сондай-ақ жиында «Екі ұлт, бір жүрек» атты жаңа кітап таныстырылды. Жинаққа екі елдің мектеп оқушыларының шығармалары енді.

Хулуси Кылыч, саясаткер, Түркияның Әзербайжан мен Монғолиядағы бұрынғы елшісі:

– Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстарды өзге мемлекеттер үлгі етуіне болады. Осы жылдар ішінде Түркия Қазақстанға материалдық, моральдық жағынан көп қолдау көрсетті. 30 жыл ішінде Қазақстан аймақтағы ең дамыған елге айналды. Бұл жыл – біздің мемлекеттер үшін айтулы жыл.

Алааддин Курт, «Денге» мектебінің директоры:

– Бұл кітапқа біздің мектептен 11 оқушының өлең, ертегі, эссе сияқты еңбектері енгізілді, ал Қазақстаннан 41 оқушының шығармасы алынды. Олардың қазақшасын түрікшеге, түрікшесін қазақшаға аудардық. Осылайша екі елдің оқушылары бақыт, достық, тәуелсіздік ұғымдары туралы бір-бірлерінің дүниетанымдарымен танысты.

Сондай-ақ...