Сенат бас прокурор қызметіне Б.Асыловтың кандидатурасын қолдады

Сенат бас прокурор қызметіне Б.Асыловтың кандидатурасын қолдады

Бүгін Сенат депутаттары еліміздің бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Асылов 1991 жылдан бері прокуратура органдарында жұмыс істейді. Осы уақытта бірқатар өңірде салалық ведомстволарды басқарған. Ал 2019 жылдан бастап Берік Асылов Бас Прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген.