В.Путинмен Украинадағы жағдай бойынша келісімге келу аса маңызды екенін айттым – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында твиттерде пікір білдірді.

«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.