Мемлекет басшысы В.Зеленскиймен болған әңгіме жайлы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен болатын. Президент осы әңгіме жайлы твиттер парақшасында пікір білдірді.

«Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.