Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсеріне төтеп беретін жоспар құрылмақ

Ресейге салынған санкциялардың салқыны еліміздің экономикасына кері әсерін тигізген жағдайда оған тиімді төтеп беру керек.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті.

Президент: «Үкімет пен кәсіпкерлер тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс», - деді.

Сондай-ақ еліміздің бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған арнайы шаралар қабылдауды тапсырды. Қажет болған жағдайда халықтың жекелеген топтары да қолдауға ие болады. Бұл өз кезегінде экономиканың ішкі әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек Жоғары кеңесте мемлекеттік бюджеттің кірісін көбейту, инвестициялық саясатты жетілдіру, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау туралы мәселелер талқыға түсті.