Украина-Ресей келіссөздерінің екінші кезеңі өтіп жатыр

Беларусьтың Брест облысында Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтіп жатыр.

Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.

Украина өкілдері жиында оқ атуды тоқтату, бітімге келу және гуманитарлық дәліз құру мәселелерін талқылауды көздейтінін жеткізген. Ал Ресей жағы әскери-техникалық, гуманитарлық және саяси тақырыптарға қатысты ұсыныс дайындағанын жеткізді. Айта кеткен жөн, бұған дейін тараптар 28 ақпанда кездескен еді. Келіссөздердің бірінші кезеңі Беларусьтың Гомель облысында өткен.