Ерболат Досаев Amanat партиясы филиалының төрағасы болып тағайындалды

Ерболат Досаев Amanat партиясы Алматы филиалының төрағасы болып тағайындалды. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Алматыға жұмыс сапары барысында филиалдың жаңа басшысына партияны жаңғырту және сайлауалды міндеттемелердің орындалуын бақылау қажеттігін айтты.

Amanat-тың атқарушы хатшысы зиялы қауым өкілдері және партия ардагерлерімен де кездесті. Сонымен қатар Асхат Оралов қалалық мәслихаттағы Amanat партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді.

Асхат Оралов, Amanat партиясының атқарушы хатшысы :

– Еліміздің Президенті, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны модернизациялау жұмысының мақсаттары мен міндеттерін белгілеп берді және партияның атын Аманат деп өзгертуге қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта орталық филиал аппараттарымен және бастауыш партия ұйымдарымен арадағы жұмыс әдістерін түбегейлі қайта қарауда. Орталық аппарат жүйелі мәселелерді талдап, жалпы партиялық бағытты айқындайды. Ал партия филиалдарына дербестік берілетін болады. Партия төрағасы айтқандай өңірлік филиалдар мен бастауыш ұйымдары халықпен өз бетінше жұмыс істеу керек.