Талдықорған қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев Талдықорған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болды.

Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «энергетика жүйелері және байланыс», 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «экономика және бизнес бакалавры», осы жылы Ресей халықтар достығы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» ЖЭС-2  электр монтері  болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласында «Наз» ЖШС бас энергетигі, «Алмаз и КЮС» ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, сол сияқты Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармаларының басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қыркүйек айынан Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев өз өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымынан босатылған еді.