478,46 474,60 7,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Құқық және қауіпсіздік органдарындағы қызметке әйелдерді көптеп тарту қажет

  • 165
  • UPD: 14:31, 05.03.2022

Еліміздің құқықтық және қауіпсіздік органдарындағы қызметке әйелдерді көптеп тарту қажет. Себебі нәзік жандылар болған жерде мейірім басым болады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльмира Әзімова осылай дейді. Оның айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  қарарында дағдарыс пен шиеленістердің алдын алу және оларды шешуде әйелдерге басымдық берілген. «Әйел, әлем және қауіпсіздік» тақырыбында өткен жиында әйелдер құқығын қорғау жоспары таныстырылды. Сарапшылар қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған барлық іс-әрекеттерде аруларға тең құқық берілуі маңызды екенін айтты. 

Эльмира Әзімова, адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Халықаралық деңгейден өзге өзіміздің ұлттық деңгейде өз саясатымызға сәйкес шаралар қабылдану қажет. 27 желтоқсанда қабылданған жоспар қазір талқыланып, жан-жақты, Үкімет қана емес, Парламент Бас прокуратура біраз іс-шараларды қабылдау керек. Соның ішінде негізінде әйелдерді құқықтық органдарына да ұсыну қажет. 

Аида Балаева ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігінсіз тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес. Бұны бәрі біледі деп ойлаймын. Елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан, теңсіздіктен қорғау мақсатында барлық сала бойынша тиімді шаралар қабылданып келеді.

Хабар 24 телеарнасы