Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық парабиатлонист Александр Герлицті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады.

«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!» деп жазды твиттерде Президент.