Назарбаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Анталияға ұшып барды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға барды», — деп жазды твиттерде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.