Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және қазақстандық жүктерді тасымалдау мәселелері қаралды.

Бұған дейін еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әзербайжанның және Грузияның жауапты ведомстволарымен келіссөз жүргізген еді.

Тараптар өтпелі тариф белгілеу, жүктерді декларациялау, транзиттік жүктерді шоғырландыру мәселелерін шешетін бірлескен кәсіпорын құруға келісті. Ал Беларусь шекарасында жүктердің тұрып қалуына қатысты тараған ақпарат расталған жоқ.

Айта кетейік, жедел штабтың кезекті отырысы ертең өтеді.