Қаңтар оқиғасына құқықтық баға қашан беріледі?

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Бас Прокуратура «Жаңа Қазақстан» тобының депутаттық сауалына жауап бермек.

Қаралы қаңтардан кейін 2 ай өтсе де қоғам қайғылы оқиғаға кінәлілер туралы нақты ақпарат ала алмай отыр. Бұдан бұрын мәжілісмендер жоғарыда аталған ведомстводан осы жөнінде түсіндіріп өтуді талап еткен еді. Әкімшілік ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандарға шабуыл жасап, төңкеріс ұйымдастырғысы келген тараптың кімдер екені беймәлім. Тергеу изоляторындағы күдіктілердің жағдайы қалай? Олардың құқығы қаншалықты сақталып жатыр? Қылмыстық істер қашан аяқталады? Зардап шеккен азаматтар мен кәсіпкерлерге берілетін көмек көлемі жеткілікті ме? Депутаттық сауалда осы және өзге де сұрақтар қамтылған.