Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертең 28 тонна жүк тиелген Boeing 767 ұшағы Алматы әуежайынан Польшаның Катовице қаласына жол тартты. Катовицеден жүк діттеген жерге жеткізіледі. Бұл рейсті Денсаулық сақтау министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды. Осы ұшақ 15 наурыз күні қазақстандықтарды алып қайтады деп жоспарланып отыр. Кезекті репатриациялық рейс Алматыға келеді. Әзірге қанша жолаушы елге қайтатыны белгісіз. Ал Украинаға жөнелтілген гуманитарлық рейсте ең қажетті деген заттар бар.

Шолпан Әділбекова, «СК-Фармация» ЖШС өкілі:

– Бұл гуманитарлық көмек ішінде 17 дәрілік препараттардың тізімі бар. Онда антибиотиктер, гипертензивті препараттар, қабынуға қарсы препараттар және жөтелге қарсы препараттар жіберіліп отыр.