Сапалы білім әлеуметтік теңсіздікпен күресе ала ма?

Сапалы білімнің жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету қаңтар оқиғасына түрткі болған әлеуметтік теңсіздік және кедейшілікпен күрестің тиімді тәсілі екені анық.

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы заң университетінің студенттерімен кездесу барысында айтты. Спикер білім сапасын арттыру ісінде бизнеске де үлкен жауапкершілік жүктелетінін алға тартты. Сондай-ақ, студенттермен Жолдау басымдықтарын талқылады. Болашақ заңгерлерге саяси реформалардың тағы бір маңызды бағыты – сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру мәселесін қозғады. Бұл бастама азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Сәрсенбі күні Президентіміз парламентте өзінің халыққа жолдауын жариялады. Сол үлкен құжаттың ішінде еліміздің саяси жүйесін қалай дамытамыз, не істейміз,саяси бағытта қандай реформалар жүзеге асырылады,осы турадлы өз ойларын ортаға салып,біраз бастамалармен шықты. Бүгінгі күні енді мемлекеттік басқару жүйесі парламен бар, үкімет бар, әкімдер бар, министрліктер бар бәріміз осы реформалардын жүзеге асыруға бар күшімізді салудамыз.