Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында «China Eastern Airlines» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын» делінген жеделхатта.