Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай мәслихат депутаттарының келісімімен және өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің өкімімен облыстық орталық әкімі болып Марат Жүндібаев тағайындалды.

Қостанай облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Марат Қонысбайұлы 20 жыл өңірдің атқарушы органдарының құрылымында түрлі қызметтер атқарған.

Марат Жүндібаев 1974 жылғы 26 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданының Новоселовка селосында дүниеге келген, үш жоғары білімі бар.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Ахметов Қайрат Жұмашұлы жұмыстан өз еркімен кеткен.