Ресей Қазақстан мен Моңғолия азаматтары үшін шекарадағы шектеулерді жеңілдетті

Бұл туралы осы елдің коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заң наурыздың 30-ынан бастап күшіне енбек. Оған сәйкес, Қазақстан мен Моңғолия  азаматы Ресей аумағына немесе керісінше ресейлік азамат Қазақстан мен Моңғолияға  құрлықтағы шекара арқылы еш кедергісіз өте алады.

Естеріңізге салайық, COVID-19 пандемиясы басталғалы Ресейге құрлық шекарасы арқылы тек екі азаматтығы бар, тұруға ықтиярхаты немесе осы елде туыстары бар адамдар ғана кедергісіз кіре алады. Алайда бұл ереженің әуе қатынасына еш қатысы жоқ.