Мемлекет басшысының атына Алғыс айту күніне орай тұрғындардан әлі хат келіп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Алғыс айту күні аясында ел тұрғындарынан ризашылық хаттары әлі де келіп түсуде, деп хабарлады БОРТ N1 тelegram-каналы.

Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан 2-сынып оқушысы Дильназ Бимановадан келді. Ол өз хатында білім алып, тіл үйрену үшін Қазақстанда шет елдердегідей үлгідегі мектептердің салынуына ықпал еткені үшін алғыс айтқан.