Президент Қазақстан халқы Ассамблеяның 31 сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақордаға сілтеме жасап.

Сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі – – Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 29 наурыз № 295