Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.