loader


Гаагада Қазақстан мен Нидерланд қарым-қатынасы талқыланды

Гаагада Қазақстан мен Нидерланд сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияның үшінші раунды мен екі жақты бизнес-форум өтті.

Қатысушылар өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады. Әсіресе халықаралық ұйымдар аясындағы серіктестікті нығайту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Нидерланд дипломаттары Қазақстанның саяси реформаларын қолдайтындарын жеткізді. Қатысушылар екі ел арасыдағы сауда айналымында оң серпін барын да атап өтті. Былтыр бұл көрсеткіш 4 жарым миллиард доллардан асып кеткен. Ол 2020 жылмен салыстырғанда көп.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Нидерланд әлемде ауылшаруашылық өнімдерінің екінші ірі экспорттаушысы саналады. Олар біздің елімізде бұл саланы дамыту үшін ірі жер аумақтары барын жақсы түсінеді. Бізде жылыжайлар салу, көкөніс өсіру бойынша өзара тиімді серіктестік жүргізу үшін мүмкіндік мол. Бүгін осыған қатысты нақты жобаларды талқыладық.

Сондай-ақ...