loader


Гаага қазақстандық реформалар бағытын қолдайды 

Гаагада Президент Қасым-Жомар Тоқаевтың саяси және әлеуметтік экономикалық реформалар бағыты толық құпталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан мен Нидерланд сыртқы істер министрлерінің арасындағы кеңес пен екіжақты бизнес-форумының үшінші раундынан кейін мәлім болды.

Кездесуде еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко нидерландтық әріптесі Тейсвандер Пласпен бірге екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы аясында, сонымен қатар өзге де халықаралық ұйымдардың өзара серіктестігіне ерекше назар аударылды. Тараптар алдағы уақытта да парламентаралық диалогты нығайтуға уағдаласты. Екі елдің тауар айналымындағы оң нәтижеге де ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылдағы көрсеткішке сәйкес арадағы тауар айналым 4,6 млрд долларды құраған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанға 30 процентке артық көрсеткіш.

Айта кетейік, Нидерланд еліміздің ең ірі шетел инвесторларының бірі болап табылады. 2005 жылдан бері Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 103 млрд долларды құрап отыр. Қазір елімізде шамамен 700 голландиялық компания жұмыс істейді.

Роман Василенко, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары:

 Нидерланд – ауылшаруашылық өнімін саудалайтын ірі экспорттаушы мемлекет. Олар біздің елде бұл саланы дамыту үшін үлкен жер аумағы барын жақсы түсінеді. Бізде өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға зор мүмкіндік бар. Мәселен, жылыжай құрылысы мен көкөніс өсіру саласын айтуға болады. Осы орайда Қазақстанда іске қосылатын нақты жобалар талқыланды. Қазір еліміздегі тұрақтылық пен даму және инвестициялық климат шетелдік инвесторлардың жіті назарында. Сондықтан бұндай диалогдың дер кезінде ұйымдастырылуы өте маңызды.

Хенк Нибор, кәсіпкер, ҚР Нидерландтағы құрметті консулы:

Екі жақты қарым-қатынастың дамуына үлкен үміт артамыз. Мен санкция бойынша сарапшы болмасам да Ресейге қатысты қабылданған шектеулердің салқыны Қазақстан мен өзге де елдерге теріс ықпалын тигізгенін байқаймын. Нидерландтағы мемлекеттік және саяси қайраткерлерге айтарым егер белгілі бір елге қатысты санкция қабылданса, оның кесірі қарулы-қақтығысқа еш қатысы жоқ елдерге де тиюі мүмкін. Бүгін біз біраз қиыншылықтарға тап болсақ та бірлесе жұмыс істеп, ортақ аспектілерді қолға алып біраз мәселені шеше аламыз. 

Сондай-ақ...